Данияда оқушы Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы ұшаққа кез болды

998

Данияда оқушы Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы ұшаққа кез болды

Даниялық 14 жастағы оқушы Даниэль Кристиансен мен оның әкесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақты тауып алды. Ұшақ ішінде ұшқыштың сүйектері де болған, деп хабарлайды CNN телеарнасына сілтеме жасаған  РИА Новости.

Жеткіншек тарих сабағынан үйге берілген тапсырманы орындау үшін темір іздейтін құралдың көмегімен  заттар іздестірген. Нәтижесінде ол сегіз метр тереңдікте темір сынықтарын тауып алды.

Жеткіншектің әкесі табылған затты қазып шығару үшін көршісінен эксковатор сұрап әкелген.

Осылайша топырақ астында жатқан 1944  жылы құлаған немістің Messerschmitt жойғышының сынақтары екені анықталып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу