Данияр Абулғазин Азия үстел теннисі одағының вице-президенті болып сайланды

780

Орталық Азия бойынша аймақтық вице-президент лауазымына Қазақстан ұлттық федерациясы басшысының кандидатурасын ATTU Конгресі отырысына қатысушылар бірауыздан қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Данияр Абулғазин Азия үстел теннисі одағының вице-президенті болып сайланды

Әріптестер Қазақстанда соңғы жылдары үстел теннисінің қарқынды дамып келе жатқанын, өткізілген халықаралық турнирлердің жоғары деңгейін және бүкіл республика бойынша инфрақұрылымның дамығанын атап өтті. Жақында жаңа үстел теннисі орталығында бірінші рет ITTF Kazakhstan International Open 2021 халықаралық турнирі өтті, ал 2017 жылдың аяғында халықаралық федерация маңызды турнирлерінің бірі, ITTF әлемінің соңғы кезеңі ITTF World Tour Grand Finals додасын елорда төрінде ұйымдастырды. Бұл турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын барлық қатысушылар, сондай-ақ ITTF өкілдері атап өтті.

"Елімізде үстел теннисінің дамуы Азия және халықаралық федерациялардағы әріптестеріміздің назарынан тыс қалмады. Біз Қазақстан федерациясының президентінің Азия одағының аймақтық вице-президенті болып сайлануын лайықты деп санаймыз. Халықаралық қатынастарды нығайту – біздің басымдықтарымыздың бірі және біз осы бағыт аясында төрешілердің, жаттықтырушылар штабының біліктілігін арттырамыз және материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша жұмысымызды жалғастырамыз", – деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак. 

Сонымен қатар Конгресте Азия үстел теннисі одағының жаңа президенті сайланды. Бұл орынға Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті және Катар үстел теннисі қауымдастығының басшысы Халил Аль-Моханнади болды.

Айта кетерлігі, Дохадағы конгресс ATTU-2021 Азия чемпионаты аясында өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу