Данияр Ақышев 150 миллиард теңгенің Цеснабанкке не үшін берілгенін түсіндірді

1157

Ұлттық банк Цеснабанктегі ахуалды бақыланатын жағдай ретінде бағалайды.

Данияр Ақышев 150 миллиард теңгенің Цеснабанкке не үшін берілгенін түсіндірді

Ұлттық банк Цеснабанктегі ахуалды бақыланатын жағдай ретінде бағалайды. Банк барлық пруденциялық нормативтерді орындауда. Алайда соңғы уақытта банк халық пен кәсіпорындардың шоттарынан жоспарланбаған әкету жағдайына кездесті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматы қаласында өткен дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында журналистерге айтып берді.

"Ұлттық банк осы жағдайларда, сондай-ақ Базель 3 шеңберінде өтімділік бойынша жаңа коэффициенттердің күшіне енуін ескере отырып, банкке нарықтық талаптармен 150 млрд теңге мөлшерінде қарыз түрінде қолдау көрсетті", - деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы сондай-ақ қандай да болмасын қаржы институтына көмектесуге қатысты Ұлттық банк шешімінің негізінде жатқан негізгі қағидат банктегі проблемалық жағдайдың туындау себебі, сондай-ақ акционердің оны шешуге қатысуға дайындығы болып табылатынын атап өтті.

"Бұл жағдайда біз Цеснабанк акционерлерінің қаржы институтының жұмысын тұрақтандыру үшін барынша көп күш-жігер жұмсағанын атап өтеміз. Банкті айтарлықтай үстеме капиталдандыру жүргізілді, дағдарысқа қарсы басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар жаңа менеджмент тағайындалды", - деді Данияр Ақышев.

Ол сондай-ақ Цеснабанктің 450 млрд теңге сомаға ауыл шаруашылығы кредиттерінің айтарлықтай бөлігін проблемалық кредиттер қорына сату бойынша қатар мәміле жүргізіп отырғанын айтып берді.

"Бір жағынан, бұл қарыздарға қызмет көрсетудің барынша жеңілдік талаптарына ұсынуға қабілетті кредиторды ауыстыру есебінен агросектор кәсіпорындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал екінші жағынан, банк үшін қосымша өтімділікті және оның агросектордағы жағдайдан тәуелділігінің төмендеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Цеснабанк "ҚазАгро" холдингімен бірлесіп берілген валюталық кредиттер мен қарыздарды қайта қаржыландыру және олардың мерзімдерін ұлғайту мәселесін пысықтауды бастады", - деді Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу