Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасын жандандыруға бағытталған ұсыныстарын айтты

1018

Бас банк басшысы "Нұрлы жер" арқылы салынған үйлер "7-20-25" бағдарламасымен сатылуы мүмкін екенін жеткізді.

Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасын жандандыруға бағытталған ұсыныстарын айтты

Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7–20–25" бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Аталған бағдарлама қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Қатысу шарттары өткен жылдың ортасында бекітіліп, ипотека нарығын дамыту үшін заңнамалық түзетулер енгізілген болатын. "Баспана" ұйымы құрылып, бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктер белгіленді.

Биылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша "7–20–25"  аясында 52 млрд теңгеге 4350 өтінім мақұлданды.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкі атынан бағдарламаны жандандыру үшін тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсімді және халық көші-қонын ескере отырып, тұрғын үй құрылысын еліміздің перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету; ЖАО-ға "Баспана" ИҰ қаражаты есебінен тұрғын үй салуға қаржы тарту құқығын беру; "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сату сынды бірқатар шараны ұсынды.

"Бағдарламаны іске асыру барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланады. Тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді. Ұлттық банктің аумақтық бөлімшелері мен "Баспана" ипотекалық ұйымы барлық өңірлердегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуде. Халықпен белсенді түрде түсіндіру жұмысын жүргізуге 6 млн-нан астам азамат қамтылды", – деді Данияр Ақышев атқарылған жұмыстар туралы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу