Данияр Ақышев: Банктер кредиттік портфелін 1,4 триллион теңгеге өсірді

1153

Сонымен қатар Данияр Ақышев бірқатар банктің жабылуы және жекелеген институттардың қалыпқа келуі нәтижесінде кредиттік портфель 1,2 трлн теңгеге қысқарғанын атап өтті. 

 Данияр Ақышев: Банктер кредиттік портфелін 1,4 триллион теңгеге өсірді

Қазақстан Ұлттық банкінің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша тамыздың соңында 30,8 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 56,5 млрд АҚШ доллары болды. Жалпы халықаралық резервтер 87,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Данияр Ақышевтың айтуы бойынша, 7 айда депозиттер 3,6%-ға ұлғайып, шілденің соңында 18,1 трлн теңге болды. 2018 жылғы 7 айда Ұлттық валютадағы депозиттер
8,4% немесе 766 млрд теңгеге өсті. Шетел валютасындағы депозиттер 1,5%-ға немесе
128 млрд теңгеге қысқарды. Нәтижесінде, депозиттердің долларлануы жыл басындағы 48%-дан шілдеде 45%-ға дейін төмендеді.

"Кредиттеу нарығы қалпына келуде. Банктердің кредиттері шілденің соңында
13 трлн теңге болды. Статистика банктердің кредиттік портфелінің өзгермейтінін көрсетсе де, сапалы өзгерістер болуда", - деп атап өтті Ақышев.

Сонымен қатар Данияр Ақышев бірқатар банктің жабылуы және жекелеген институттардың қалыпқа келуі нәтижесінде кредиттік портфель 1,2 трлн теңгеге қысқарғанын атап өтті. Бұл институттардың кредиттері енді есептілікте көрсетілмейді. Алайда, басқа банктер кредиттік портфелін 1,4 трлн теңгеге өсірді.

"2018 жылғы 7 айда берілген кредиттердің көлемі 28% немесе 1,6 трлн теңгеге ұлғайды. Кредиттердің негізгі бөлігі теңгемен беріледі. Кәсіпорындарға теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,4%-ға дейін төмендеді", - деп хабарлады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу