Данияр Ақышев банктердің бірігуіне қатысты пікірін білдірді

643

Данияр Ақышев банктердің бірігуіне қатысты пікірін білдірді

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев екі банкті біріктіруге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды inform.kz.

"Банк секторындағы шығындар мен шығындарды оңтайландыру – шарасыз үдеріс. Банк акционерлері қаржы институттарын капиталдандыру жөніндегі алдағы міндеттемелер тұрғысынан олардың бизнесінің табыстылығын қамтамасыз етуге қаншалықты қабілетті екенін бағалауы тиіс, яғни осы банктерде бар міндеттеме бойынша уақтылы есептесуі тиіс. Елдегі экономикалық белсенділік баяулаған жағдайда, көптеген қаржы институты үшін шоғырландыру үрдісі – шешімдердің бірі, сонда бір институттың күшті жақтарын біріктіру есебінен басқа институттың әлсіз жақтары жойылып, сау теңгерімді қаржы институты қалыптасуы мүмкін.

Банктер бірігу ниеті туралы меморандумға қол қойғанда, нарықта басқа банктер туралы әңгіме жүріп жатқанын білемін. Бұл үдеріс жалғаса береді, бұл үдеріс бизнестің экономикалық бағалауына негізделеді. Біз реттеуші ретінде елде тұрақты қаржылық жүйе қалыптасуына  мүдделіміз.

Егер біріктіруді дұрыс деп болжасақ, нарықта ойыншыларды кооперациялау немесе шоғырландыру қаржы жүйесінің орнықтылығын жақсартуға алып келеді, біз мұны құптаймыз. Кеше екі банк ниетін айтты, бұл жағдай бізде талқыланды – банк акционерлері Ұлттық банк басшылығымен кездесті. Қай үлгімен алға жылжитынын көрсетті. Олар қай жаққа жылжу қажет екенін біледі деп ойлаймын. Бұл үрдіс жалғаса береді", – дейді Ұлттық банк басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Tengri Bank" АҚ "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-мен бірігу ниеті туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Ұлттық банк Қазкоммерцбанк акцияларының бақылау пакетін сатып алу ниеті туралы айтты. Бұдан басқа Цеснабанк "Банк ЦентрКредит" банкімен қосылу мүмкіндігі талқыланып жатқаны белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу