Delta Bank салымшыларының қаражаты сенімді қорғалған. Бұл туралы үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жеке тұлғалардың қаражаттары, салымдары депоизттерді кепілдендірудің қазақстандық қорымен толықтай жабылады. Соған сәйкес, Delta Bank-тегі азаматтардың салымдары қорғалған. Тарату процедурасы бастала салысымен депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры регламентпен бекітілген мерзімде банк-агенттері арқылы барлық қаржыны аударады және азаматтар өз қаражаттарын алады", - деді Данияр Ақышев.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков "Delta Bank" АҚ-ның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге, құнды қағаздар нарығында қызмет атқаруға арналған лицензиясының қайтарылып алынуына қатысты БАҚ өкілдерінен түсіп жатқан сауалдарға жауап берген болатын