Данияр Ақышев: Депозит нарығында долларсыздандыру процестері жалғасуда

677

Данияр Ақышев: Депозит нарығында долларсыздандыру процестері жалғасуда

2018 жылғы қаңтар-ақпанда банктердің экономикаға берген кредиттер көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33%-ға ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралыҰлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарау бойынша ҚР парламенті мәжілісінің от ырысында баяндады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол ұлттық валютадағы кредиттердің 9,3 трлн теңге болғанын атап өтті. Кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 14%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғаларға теңгедегі кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,9%-ға дейін төмендеді. 2018 жылғы ақпанның соңында экономикаға кредиттердің көлемі 12,5 трлн. теңге болды.

"Депозит нарығында долларсыздандыру процестері жалғасуда. Депозиттер көлемі 16,9 трлн теңге болды. Ұлттық валютадағы депозиттер 9,3 трлн теңгеге жетті. Өсуі 1% болды. Шетел валютасындағы депозиттер 7,6 трлн теңге болды. Төмендеу 8,6% болды. Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 2018 жылғы ақпанда 45%-ға дейін азайды. Екі жыл бұрын долларландыру 70% болған", – деді Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу