Данияр Ақышев: Қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр деп уайымдауға негіз жоқ

868

Данияр Ақышев: Қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр деп уайымдауға негіз жоқ

Үкімет отырысынан кейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР парламент мәжілісі депутаттарының сауалына жауап берді. Зейнетақы активтері туралы банк басшысының айтуынша, кіріс инфляция мөлшерінен жоғары.

"Біз депутаттық сауал қабылдаған болатынбыз. Әртүрлі мерзім көрсетіліп, түрлі сандар жазылған есептер бар. Олар халықты шатастыруда. Ашығын айтсақ, 9 айда зейнетақы активтері кірісінің есебі алынып, ол жылдық инфляция мөлшерімен салыстырылады. Бұл – дұрыс емес. Мен жоғарыда зейнетақы активтерінің кірісі инфляция мөлшерінен жоғары екенін көрсететін цифрларды атадым. Сондықтан қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр деп уайымдауға негіз жоқ", - деп түйіндеді сөзін банк төрағасы.

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес,   1 қазанда   зейнетақы активтерінің көлемі 7,5 тлн теңгені құрайды

"Зейнетақы активтеріне де байланысты сұрақтар бар. Біздегі мәліметтерге сәйкес, 1 қарашада зейнетақы активтерінің көлемі 7,5 тлн теңгені құрайды. Салымшылардың шотына 462 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық табыс бөлінді. Бұл – 6,68%. Ал осы уақыт аралығында инфляцияның көлемі – 4,2%. Осы жылы табыс жоғары болды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу