Данияр Ақышев криптовалютадан іргені аулақ салуға шақырды

854

Данияр Ақышев криптовалютадан іргені аулақ салуға шақырды

Бүгін онлайн - конференция барысында Данияр Ақышев Қазақстанда криптовалютаны пайдалану талаптары күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Осы орайда банк төрағасы ел тұрғындарын криптовалютадан іргені аулақ салуға шақырды. Оның айтуынша, криптовалюта – дүдәмал дүние. Сондықтан, оған қаржы салу қауіпті. Ол тұрғындар опық жеп қалуы әбден мүмкін екенін еске салды.

"Ел аумағында криптовалютаны қолдану талаптарын қалайда күшейту керек. Тіпті, заңмен шектеу қойса да болады. Бұл бастаманы ел үкіметі де қолдап отыр. Қазіргі таңда тиісті заңнамалық түзетулер әзірленуде", – деді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу