Данияр Ақышев: Криптовалютамен айналысу қауіпті

1107

Данияр Ақышев: Криптовалютамен айналысу қауіпті

Биткоин, эфириум және өзге де крипто валюталарды теңгеге айырбастауға тыйым салынуы мүмкін. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осы сияқты бірсыпыра ұсыныстардың үкіметке жолданғанын мәлімдеді. Оның ішінде крипто қаржы шығаратын кез-келген компанияның жұмысын шектеу және басқа да қатаң талаптарды қатаңдату бар. Бас банкир дәл осы салаға қаржы құюды қауіпті деп ел тұрғындарын негізсіз тәуекел етуден сақтандырмақшы.

Айта кетсек, биткоин өткен жылдың 17-ші желтоқсанында пайда болған сәтте бірлігі 20 мың долларға дейін жеткен, артынша баға индексі бірнеше мәрте ауытқыған еді. Ал жаңа 2018-ші жылды криптовалюта 13 мың 500 долларға дейін құлдыраумен бастады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

"Криптовалютамен айналысу операциялардың қауіпті екендігін қазірден бастап ескертемін. Әуелі сарапшылар да 2018-жылы олардың құны туралы болжам айтудан шегініп отыр. Қазір криптоқаржылар белгілі бір орталық банкпен немесе заңмен қадағаланбайды. Сондықтан оларды шығаратын компанияларды шектемесек, екінің бірі айналысып халыққа айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу