Данияр Ақышев: Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8 пайызды құрайды

802

Данияр Ақышев: Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8 пайызды құрайды

Елдің сыртқы борышы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ол сыртқы борыштың құрылымында 62%-ы фирмааралық берешекке тиесілі екенін атап өтті, ол негізінен Қазақстанның аумағында мұнай-газ жобаларын іске асыратын шетелдік компаниялар филиалдардың борышынан тұрады.

"Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8%-ды, мемлекет бақылайтын ұйымдардікі - 16%-ды, жеке сектордікі – 14%-ды құрайды", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Атап айтқанда, ол соңғы 3 жылда Қазақстанның сыртқы борышы мемлекеттің және оның бақылауындағы ұйымдардың сыртқы борышының, сондай-ақ топішілік қаржыландырудың есебінен 10 млрд АҚШ долларына немесе 6%-ға ұлғайғанын айтып берді.

"Жеке қаржы секторының сыртқы міндеттемелері 4 млрд. АҚШ долларына немесе 56%-ға қысқарды", - деп атап өтті Ақышев.

Қорытындылай келе, ол қазіргі уақытта үкімет мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз алуды бақылауды күшейтіп жатқанын айтты. Ұлттық банк, өз кезегінде, қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеу жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу