Данияр Ақышев Qazqom мен Halyk bank-тің бірігуі қашан аяқталатынын айтты

905

Данияр Ақышев Qazqom мен Halyk bank-тің бірігуі қашан аяқталатынын айтты

Казкоммерцбанк пен Халық банкті біріктіру процесін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы бүгін онлайн-конференция кезінде айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Бір жағынан біз бұның қиын процесс екенін түсінеміз, себебі бұл екі үлкен қаржы институты. Бұндай компаниялардың балансын біріктіру қашан да өте қиын әрі көп еңбек жұмсалады. Жоспарлағаннан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін", - дейді Данияр Ақышев. 

Еске сала кетсек, Халық банктің директорлар кеңесі өткен жылдың желтоқсанында Казкоммерцбанкпен қосылуға шешім қабылдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу