Данияр Ақышев: Зейнетақы нарығында бәсекелестік құру керек

876

Данияр Ақышев: Зейнетақы нарығында бәсекелестік құру керек

Зейнетақы нарығында бәсекелестік құру керек. Сонда әрбір азамат зейнетақы жинағын басқара алатын компанияны өзі таңдайды. Бұл туралы ҰБ төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумы аясында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Үкіметке бірнеше ұсыныстар жолдадық. Біз әр адам зейнетақы жинағын басқаратын компанияны өзі таңдауы үшін бәсекелесетікті қайта қалпына келтіру керек деп есептейміз. Сонда ол өз қаржысын қайда салу керектігін де таңдай алатын болады. Егер оған ұлттық банк ұнамаса, жеке компанияға кете алады. Бұл біз ұсынып отырған базалық принцп", — деді Ақышев.

Нарықта қандай да бір қарама-қайшылықтар туындамас үшін оған капитал деңгейі жоғары, тұрақты компанияларды тарту керек.

"Бірақ өткен қателіктерге көз жұмып қарамау керек. Бұған дейінгі жеке зейнетақы жүйелері қаржыны біріктірілген жобаларға салып зейнетақы қорларына төнген "қауіпке" көз жұмып қарады. Сол үшін халықтың қаржысын қабылдайтын мұндай компанияларын бақылау күшейе түсуі керек. Ал біз мұндай жағдайға дайынбыз. Әзірге, үкіметке ұсыныс жібердік. Бірақ әлі жауап келген жоқ", — деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы егер ұсыныс қабылданса, одан БЖЗҚ-ның рөлі төмендей қоймайтынын айтты.

"Менің ойымша, "бір терезе" институтына сүйеніп жұмыс істейтін БЖЗҚ өз орнында қалады. Біз азаматтардың БЖЗҚ-мен де келісімге отыру жағын қарастырдық. БЖЗҚ қаржыны ұлттық банкке бағыттайды, ал жеке компаниялар салымшының қалауы бойынша қаражатты инвестициялайтын болады", — деді төраға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу