Данияр Ақышев: Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 пайызға әлсіреді

819

Данияр Ақышев: Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 пайызға әлсіреді

Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын анықтайтын жағымды фундаменталды факторларға қарамастан валюта нарығында құбылмалылық сақталуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз және телевизиялық БАҚ редакторларымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Девальвация болуы мүмкін деген болжамдардың ықпалымен шетел валютасына деген сұраныс артып, доллардың бағамы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 337 теңгеге тең болды, яғни теңге 0,3 процентке арзандады. Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 процентке әлсіреді", -  деді Д.Ақышев.

Оның сөзінше, Ұлттық банк шетел валютасына деген ұсыныстың аздығынан тамыз бен қыркүйекте оның сатушысы болды.

Тамызда Ұлттық банктің нетто-интервенциялар ауқымы 70 млн АҚШ долларына тең болды.

"Ұлттық банктің болжамдары бойынша, егер мұнай бағасы барреліне 50 АҚШ долларынан кем болмаса, ал, Ресей рублінің құны бір долларға шаққанда 59-60-тан асып түспесе теңгенің АҚШ долларына деген бағамы осы деңгейде сақталады", - деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы елдің алтын валюта қорының өсімі туралы айтты. "Алдын ала мәліметтер бойынша, елдің алтын валюта қорының өсімі 11,6 процентке немесе 32,9 млрд долларға көбейген. Елдің халықаралық резервтерінің жалпы құны 2017 жылдың тамызында, Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, 58 млрд долларға артып, 91 млрд долларға жеткен. Бұл ІЖӨ-нің 61 проценті".  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу