Данияр Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

682

Боксшы кәсіпқой рингте 5 рет жеңіске жетті.

Данияр Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының дайындығы туралы толығырақ оның менеджері Зия Алиев баяндап берді. 

"Жекпе-жек 15 наурызға белгіленген. Қарсылас әзірге белгісіз. Данияр жаттығуға кірісу үшін АҚШ-қа келесі аптада аттанады", – дейді менеджер. .

Оның сөзінше, алдағы уақытта жекпе-жек форматы анықталады. Елеусінов қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Кэти Тэйлордың жекпе-жегі болады. 32 жастағы боксшы қыз кәсіпқой рингте 12 жеңіске жеткен, ал титулды жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы рет былтыр қарашада Монакода никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу