Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы Данияр Елеусінов алға қойған жоспарларымен бөлісті, деп деп жазды Inbusiness.kz.
"Ол промоутерлерге байланысты. Менеджерім "2-3 промоутер бар" деді. Енді келіссөздер жүргізіледі. Олардың қайсысының келісімшарттары ыңғайлы болады, солармен жұмыс істейміз", – деген спортшы қанша жасында спорттық мәнсабын аяқтауға ниетті екенін айтты.
"Ол спорттық мансабыма байланысты. Жетістікке ертерек жетсең жас кезінде барлығын тоқтатуға болады. Спортшыны не қартайтады? Қиын, күрделі жекпе-жектер қартайтады. Сондықтан барлығын ойластырып, әрекет ету керек. Бірақ Америкада қарсыластар спортшының атағына қарайды. Онда танымал болмасаң, сен қанша мықты боксшы болсаң да, сенімен кездесуге шыққан да тиімсіз. Сондықтан олар аты шыққан қарсылас іздейді. Оларды да түсінуге болады, бұл бизнес болған соң солай. Ал осы қарсыласпен шығуға міндетті болса, олар жекпе-жекке шығады. Міне, мақсат сол міндетті қарсылас болу", – деп түйіндеді былғары қолғап шебері.