Данияр Елеусінов алдағы уақытта кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

884

Былғары қолғап шебері IBF тұжырымдамасы бойынша үздік онбестікке кіреді.

Данияр Елеусінов алдағы уақытта кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Жуырда ғана ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов алдағы уақытта кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазды Inbusiness.kz.

"Мен алдағы уақытта IBF тұжырымдамасы бойынша үздік 15-тікке кіремін. Ол тұжырым бойынша әлем чемпионы Эррол Спенс. Соған жақсы қарсылас боламын деген ойдамын", – деген спортшы неге көбіне АҚШ-та жаттығатынын айтты. 

"АҚШ-та ауа райы қолайлы, спарингке шығатын адамдар жағынан қолайлы. Басқа айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ол жақта ең ұзақ 1 жыл 2 ай болдым. Елді сағынасың, туыстарыңды, достарыңды, бала-шағаңды дегендей. Мен көбінесе АҚШ-та жаттығамын, жекпе-жектерім де сол елде өтеді. Тек осы кездесуді Қазақстанда өткіздім. Көбі елде кездесу өткізді, енді тек осында қалады деп ойлайды екен. Енді келесі кездесулерімнің барлығын Америкада өткізуді жоспарлап отырмын", – деді әлем чемпионы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу