Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) екі жылдық үзілістен кейін рингке шықпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін 32 жастағы Олимпиада чемпионы кәсіпқой бокстағы серіктестерімен келісім-шартты аяқтауға ниетті екенін, желтоқсанның ортасында Астанада өнер көрсететінін айтқан.
"Елеусіновтің жекпе-жегі 15 желтоқсанда Астанада өтетін IBA Night of Champions сериясындағы бірінші турнир аясында өтеді", - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бокс кешінде 71 келіге дейінгі салмақта Елеусінов пен оңтүстік африкалық Джабулани Махенсе (14-2, КО 7) арасындағы жекпе-жек өтеді".
Еске салайық, 2021 жылы Елеусінов IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанғанымен, өзін қорғай алмай, белбеуден айырылған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа жекпе-жек кәсіпқой бокс чемпионатына қосылмауы әбден мүмкін.