Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды

1005

Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды

Азияның бокс конференциясы (ASBC) жылды қорытындылап,  аталымдар бойынша құрлықтағы үздіктерді жариялады.

2016 жылғы Азияның үздік боксшысы - Данияр Елеусінов (Қазақстан); Азияның үздік боксшы қызы - Инь Жунхуа (Қытай); Азияның үздік боксшысы (жастар арасында) - Хаято Цуцуми (Жапония); Азияның үздік боксшы қызы (жастар арасында) - Пан Сумей (Қытай); Азияның үздік боксшысы (жасөспірімдер арасында) - Кристиан Питт Лорент (Филиппин); Азияның үздік боксшы қызы (жасөспірімдер арасында) - Ю Лисай (Қытай); Азияның үздік APB боксшысы  - Жасурбек Латипов (Өзбекстан); Азияның үздік WSB боксшысы  - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан); Жыл жаңалығы - Шахрам Гиясов (Өзбекстан); Азияның үздік бапкері - Патрицио Гаспи (Филиппин); Азияның үздік супервайзері - Карина Пиксон (Филиппин); Азияның үздік техникалық делегаты - Билли Вонг (Макао); Азияның үздік судьясы - Джинжинг Жанг (Қытай); Азияның үздік ұлттық   федерациясы болып Казахстанның бокс федерациясы көзге түсті.

"Азияның үздіктері" үшін дауыс беру әлеуметтік желілерде жүргізілді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер дауыс берді.  Қазақстан бұл рейтингіде үш аталым бойынша бой көрсетті.  Бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) 2016 жылы Астанада әйелдер арасында  әлем чемпионатын өткізгені  үшін қазақстандық бокс федерациясына жоғары берген болатын", – деді ASBC атқарушы директоры Бағдаулет Төреханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу