деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Лодондағы Олимпиада чемпионы Open Ring YouTube-жобасына берген сұхбатында айтты.
Елеусіновтің сөзінше, бұл өңірлік белдіктердің бірі үшін болатын титулды тартыс болуға тиіс. Сонымен қатар Даниярдың келесі кездесуі 10 раундқа есептеледі. Алайда қазақстандық спортшының қай қалада жұдырықтасатыны әзірге белгісізі. Анығы - бұл Астана немесе Алматы қаласы болады.
"Келесі кездесу 10 раундтан тұратын болады. Біз Қазақстанда кездесу өткіземіз бе деген мәселеге келетін болсақ, иа біз оны ұйымдастырамыз. Біз бұны осы уақытқа дейін құпия ұстап келдік. Бірақ бұл ақпарат осы кезде қалың көпшілікке тарап кеткен сияқты. Сондықтан айта берген жөн шығар. Біз жазда Қазақстанда кездесу өткіземіз. Бұл титулды жекпе-жек болады. Бәлкім, өңірлік болатын шығар", – деп ойымен бөлісті Елеусінов.
Айта кетейік, қарашаның соңында Елеусінов никарагуалық Маркос Мохикуды нокаутқа жіберіп, өзінің кәсіби рингтегі 5-ші кездесуінде жеңіске жетті.