Спортшы бұл жағдайды өміріндегі ауыр сынақтардың бірі деп қабылдайтынын және қазір осы мәселемен күресіп жүргенін айтты. Оның сөзінше, жол апаты кезінде мас болғаны туралы сынның жаны бар, оны өзі де жоққа шығармайды.
Елеусінов мұндай мәселені күлкіге айналдыруға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, адам өзі бастан өткермеген қиындықты сырттай бағалауға бейім.
Спортшы әр адамның өмірінде өзіне тән сынақ болатынын айтып, өзгелерді сынамас бұрын осыны ескеруге шақырды.
"Мен әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы болуым керек деген түсінік бар. Бірақ менің сынағым – осы. Әр адамның өміріндегі сынақ әртүрлі. Өздеріңіздің басыңызға түспеген нәрсе үшін адамды сынай бермеңіздер", – деді Данияр Елеусінов.