/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 26 682,58 РТС 1 386,20
Hang Seng 26 826,59 FTSE 100 6 796,29
KASE 2 302,72 Brent 52,04
Данияр Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Данияр Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов спорттық мансабындағы сегізінші жекпе-жегін өткізді.

14 Қыркүйек 2019 09:14 237

Данияр Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов спорттық мансабындағы сегізінші жекпе-жегін өткізді. Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінде отандасымыз америкалық Решард Хикспен жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Решард Хикс 1984 жылы 17 қараша күні АҚШ-тың Киллен қаласында өмірге келген. 25 жасында алғаш қолғап киеді. Жасы 34-ке келсе де кәсіпқой бокста бар болғаны 13 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Себебі ол кәсіпқой рингке 2013 жылы ғана ауысқан.

Бірінші жылы бір жекпе-жек өткізсе, 2014 жылы үш мәрте жұдырықтасты. Ал одан кейінгі жылдары кемінде екі жекпе-жектен өткізіп отырды. Ал Данияр Елеусінов болса 2018 жылы бес рет шаршы алаңға шыққан. Америкалық боксшы 13 жекпе-жегінің тек біреуінде, Джонатан Стилмен тең түскен. Қалған 12 кездесуінде жеңіске жетсе, оның алтауын уақытынан бұрын аяқтаған. BoxRec рейтингінде Решард Хикс 439 орынға жайғасқан. Данияр Елеусінов болса 167 сатыда.

Америкалық боксшы WBB and Texas Welterweight Champ және WCF International Welterweight белбеулерінің иегері. Hulu Theather кешенінде өткен кеште боксшылардың жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберіп, бірнеше ауыр соққысын жұмсап үлгерді. Артынша ол америкалық боксшыны екінші мәрте нокдаунға жібергеннен соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Басты жекпе-жекте бірінші жеңіл салмақтағы боксшылар Девин Хэйни (22-0, 14 КО) пен Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) кездеседі. Олар WBC чемпиондық атағы үшін айқасады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 28 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддті үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде чилилік Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 2 КО)кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді

GGG-дің келесі қарсыласы польшалық Камил Шеремета болуы мүмкін.

18 Қазан 2019 11:39 226

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн өзінің клиенті мен польшалық Камил Шеремета арасындағы кездесу 29 ақпанда Чикагодағы Wintrust Arena кешенінде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз жекпе-жекті 29 ақпанда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Арена бойынша да бірнеше нұсқа бар. Чикагода өткізсек тамаша болар еді. Шеремета – польшалық боксшы, ал Чикагода оның отандастары өте көп. Сол үшін жекпе-жекті Чикагода өткізу идеясын қолдаймыз», – деді Хирн.

Сондай-ақ, осыдан біраз күн бұрын қазақстандық боксшының промоутері «Чикагода Головкиннің беделі өте жақсы деп ойлаймын. Ол әлем чемпиондығына міндетті үміткер Камил Шереметамен кездескісі келсе, онда Чикагоға барудың мәні бар. Нақты айта алмаймын, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Бізді міндеттейтін сияқты. Белбеу жеңіп алсаң, сені атағыңды қорғауға міндеттеп қояды, алайда IBF өйткен жоқ. Соған қарамастан келіссөздер болып жатыр. Шереметаның белбеуге таласқысы келетінін білеміз», – деген болатын.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадимен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.

«Канело»: Головкинмен шығу жақсы бизнес

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқастың шарттарын қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.  

12 Қазан 2019 12:10 344

«Канело»: Головкинмен шығу жақсы бизнес

Сауль Альварес сұхбат барысында бизнес тұрғысындағы пайдаға көңіл бөлетінін ескертті, деп хабарлайды Sports.kz .

«Головкин мен үшін сұсты қарсылас еместігін бұған дейін айтқан болатынмын. Дегенмен, бұл жекпе-жек – жақсы бизнес. Сондықтан, олар маған шынымен де жақсы ұсыныс жасаса, үшінші айқас өтуі мүмкін», – деді «Канело».

Жаңалықтарға жазылу: