Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді

765

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Монте-Карлода (Монако) өткен бокс кешінде Данияр никарагуалық Маркос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) жұдырықтасты.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші, Үшінші раундтарда нокдаун алған Маркос Мохика қазақстандықтың қарқынына шыдас бере алмады. Үшінші раундта нокаут тіркелді.

Әуесқой бокста толағай табысқа жетіп, Олимпида чемпионы (2016 жыл) атанған Данияр Елеусінов биылдан бастап кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Алғашқы жекпе-жегін ақпан айында, Екінші, үшінші кездесуін маусым және тамыз айларында өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Алғашқы жекпе-жегі АҚШ елінде, соңғы екеуі Ұлыбритания жерінде өтті.

Ал 20 қазан күні Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен төртінші кездесуінде америкалық боксшы Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу