Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді

576

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұл кештің басты жекпе-жегі - Британ достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Бокс кешінің билеттері түгелдей сатылып кетті. Бұл туралы Matchroom Boxing ұйымдастырушылары мәлімеді.
Олардың мәліметінше, билеттер түгелдей сатылып кеткен, алайда қанша билет екені нақтыланбаған. York Hall орталығы 12 000 көрерменге арналған. 
Осы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) андеркартта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу