Елеусіновтің екінші жекпе-жегінің уақыты белгіленді

701

Елеусіновтің екінші жекпе-жегінің уақыты белгіленді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін 6 маусым күні Лондонда өткізеді. Қарсыласы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды vesti.kz.

"York Hall" орталығында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде чемпиондық атақ үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жұдырықтасады.

27 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.

Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу