Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

963

Данияр Елеусінов 27 жастағы Чили спортшысы Луис Норамбуэнамен (3-1-1) жұдырықтасты. 

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Оксон Хиилл қаласында (Мэриленд штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, деп жазады  Prosports.kz.

Данияр MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде 27 жастағы Чили спортшысы Луис Норамбуэнамен (3-1-1) жұдырықтасты. Жоспарланған алты раундқа дейін жалғасқан жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу