Данияр Елеусінов "Ұлттық мұражайға сый" науқаны аясында жеке заттарын мұражайға өткізді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Елеусіновтен бөлек, шығармашылық адамдары мен дүниеден озған интеллигенцияның заттары мұражайға тапсырылды. Бұл шараның мақсаты – халықтың тарихи-мәдени мұрасына көңіл аударту.
Оралдықтар бүгінге дейін мұражайға 270 экспонат тапсырып үлгерген. Оның арасында Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Ақұштап Бақтыгереева, Екатериа Ларионова және т.б танымал адамдардың заттары.
"Қазір бұл заттың бәрі Оралдағы көрмеде тұр. Кейін біз бұны Астанаға сақтауға алып кетеміз. Біз тарихымызды сақтап қалғымыз келеді. Біздің ұрпақ бұл заттарды көруі керек. Мен өзім Жұбан Молдағалиевтің, Хамза Есенжановтың туыстарына барып, материалдарды бірге іріктедім", – дейді Ұлттық мұражай қорын құру секторының басшысы Жанна Майқанова.
Мұражай заттары көрмеге қойылады.