Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов құрамаға оралады деген сыбыс тарады. Бірақ Елеусіновтің өзі кейін Шымбергеновке кедергі болмайтынын айтты. Ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов комментатор Руслан Бақытжанға берген сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бас бапкердің айтуынша, Данияр осы құрамадан шыққан боксшы, жас боксшы болып құрамаға қосылды. Әкесі де ұлттық құраманың бапкері болды.
"Олимпиада шыңын бағындыру тек қана бір боксшының не бір бапкердің ғана емес, бүкіл Ұлттық құраманың жұмысы деп ойлаймын. Сол сияқты қазіргі құрамадағы балаларға сондай жағдай жасалып жатыр. Министрліктен, федерациядан, спорт комитеті жұмыла көтеріп жұмыс істеуде. Осы Олимпиадада боксшыларымыз үмітті ақтап, елімізді қуантады деген ойламыз. Ал, енді Даниярдың құрамаға келіп-келмеу мәселесін өзі шешеді. Оған біздің есіміз әрдайым ашық. Қай боксшы болсын, келемін, қайтадан өз бағымды сынап, елге көмектесемін десе біз бетінен қақпаймыз", - деді Мырзғали Айтжанов.