Данияр Елеусінов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

648

Данияр Елеусінов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп xабарлайды Qsport.kz.

Ұлыбританияда өтетін бокс кешінде сынға түсетін Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Отандасымыз бен венгриялық Золтан Шабо (23-11, 14 КО) жартылай жеңіл салмақ 67 келіні көрсетті.

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз жеңіліп көрмеген америкалық Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу