Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі үшінші қарсыласы мажарстандық боксшы болады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қарсыласы Габор Горбич, Данияр онымен ертерек жұдырықтасуы керек еді. Жарақатын жазып, рингке шығуға дайын", - дейді олимпиада чемпионының менеджері.
27 жастағы Елеусінов пен 30 жастағы Горбичтің жекпе-жегі 4 тамызда Кардифте өтеді. Қарсыластар маусымда жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, мажарстандық жарақат алып қалған болатын.
Осылайша, оның орнына отандасы Золтан Шабо жұдырықтасып, Елеусіновке есеп бойынша жеңілді. Мажарстандық боксшы Елеусіновтің олимпиада финалындағы қарсыласы - 24 жастағы Шахрам Гиясовпен (2-0, 1 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілер есебімен жеңіске жеткен.