Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды

740

Олимпиада чемпионы 15 наурыз АҚШ-тың Филадельфия қаласында жұдырықтасады.

Данияр  Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой Данияр  Елеусінов (5-0, 3 КО) жаңа қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы 15 наурыз АҚШ-тың Филадельфия қаласында жұдырықтасады. Бастапқыда Елеусіновтің қарсыласы мексикалық Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) болу керек еді. Алайда кейін оның бапкері Елеусіновтен бас тартып, мексикалық 16 наурыз Монреальда өзге қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) жұдырықтасатыны белгілі болды.

Елеусіновтің келесі қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы. BoxRec мәліметінше, қазақстандық кәсіпқой рингте 60 жекпе-жек өткізген 36 жастағы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу