Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды

751

Елеусіновтің бұл кездесуі 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. 

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің (3-0, 1КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсылас анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Отандасымыз американдық Мэтт Догертимен (8-5-1, 4КО) жұдырықтасады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде "Қазақстан кәсіпқой боксы" аккаунты хабарлайды.

Елеусіновтің бұл кездесуі 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, оған 30 жастағы американдық боксшы, "Дәуіт" атанған Мэтт Догерти қарсылас болады. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді. Алайда қыркүйек айының соңында допинг сынамалардың бірінде Сондерстен оксилофрин табылған еді. Іс бойынша отырыс Массачусетс штатының Атлетика комиссиясында өтуге тиіс.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу