Данияр Елеусіновтың жекпе-жек алдында қарсыласы ауысып кетті

780

Данияр Елеусіновтың жекпе-жек алдында қарсыласы ауысып кетті

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне қарсыласы ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевке сілтеме жасап. 

Басында қазақстандық боксшының қарсыласы венгриялық Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады деп жоспарланған еді. Ол жаттығу кезінде жарақат алып, шаршы алаңға шыға алмайтын болды. 

Осылайша Елеусіновтың келесі қарсыласы Венгрияның басқа бір боксшысы Золтан Шабо болады. 24 жастағы Шабо кәсіпқой боксқа 2016 жылы қарашада келді. Ол спорттық мансабындағы тоғыз жекпе-жекті жеңіп, содан кейінгі кездесулерінде сәтсіздікке ұшыраған. Ол Ұлыбританияда, Венгрияда, Германия, Украина, Италия және Ресейде өнер көрсеткен. 

Данияр Елеусінов 6 маусымнан 7 маусымға ауысатын күні Лондонда York Hall аренасында өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу