Данияр Қайсанов ресми түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1332

Бұл хабарламаны Біріккен күрес әлемі (UWW) жолдады. 

Данияр Қайсанов ресми түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Данияр Қайсанов ресми түрде 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында Қайсанов 74 келіде бақ сынап, франциялық Зелимхан Хаджиевке есе жіберген еді. Алайда Хаджиевтің допинг сынамасынан тыйым салынан зат табылды. 

"Ересектер арасындағы әлем чемпионатында допингке қарсы ережелердің бұзылуына байланысты, сіздің салмақ дәрежеңіздегі рейтинг өзгертілді. Жаңа үлестірім бойынша, Сіз үшінші орын иеленіп, қола медаль аласыз. Сізді құттықтай отырып, алдағы мансабыңызға сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Қайсанов пен Хаджиев арасындағы қола медаль үшін өткен белдесу 3:4 есебімен француздың пайдасына аяқталды. Қайсанов үшінші орын арқылы Қазақстан командасына лицензия әкелген болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу