Даңқты балуан Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Ол – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Даңқты балуан Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Даңқты балуан Ақжүрек Таңатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Танымал спортшы қызметке грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысынан соң кірісті. 

– Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Таңатарұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз! – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Ақжүрек Таңатаров – еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, 2017 жылы Әлем чемпионатына қатысып, қола жүлдені қанағат тұтты. Сол жылы Азия чемпион да атанды. 

Спортшы 2018 жылы кәсіби мансабын аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу