Danone ресейлік дүкен сөрелерінен көптеген брендтерін алып тастайды

620

Өткен жылдың қазан айының ортасында Ресей нарығынан кететінін жариялаған Danone ел тұрғындары арасында сұранысқа ие әрі танымал Activia, Alpro, Actimel брендтерінен бас тартуды жоспарлап отыр.  

Danone ресейлік дүкен сөрелерінен көптеген брендтерін алып тастайды Фото: ПРОДУКТ медиа

Бұл туралы "Известия" өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда бәріне үйреншікті сауда маркалары басқа атауларға ие болуы мүмкін. Бірақ жергілікті "Простоквашино" сынды брендтердің аясы кеңеюі де ықтимал.

"Қазір компания "Простоквашино" брендімен желіні кеңейту жолдарын сынап жатыр — жақында сөрелерде йогурттар, сүзбе мен басқа да десерт өнімдері пайда болды. Бірақ мәселе шешімінің басқа да нұсқалары бар: Danone жаһандық брендтерге сәйкес келетін атаулар мен танымал орау элементтерін қолдануға қарсылық танытпаса — атап айтқанда, "Активиа" орнына "АктивиЯ", — дейді Streda Consulting компаниясының басшысы Алексей Груздев.

Сарапшы бәрі ребрендингтің сипатын анықтайтын жаңа иесіне байланысты болатынына сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу