"Дара" Президенттік бастамалар қорының президенті тағайындалды

187

"Дара" Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Мұхамедқали Тауан қор президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дара" Президенттік бастамалар қорының президенті тағайындалды Фото: "Дара" Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі

Ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінде МВА дәрежесін иеленді.      

Мұхамедқали Тауанның халықаралық ынтымақтастық және корпоративтік басқару саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Бұған дейін "Астана" халықаралық қаржы орталығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында, жеке құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарған.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінде МВА дәрежесін иеленді.

Қазіргі уақытта "Дара" Президенттік бастамалар қоры адами капитал мен креативті индустрияны дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау бойынша бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Олардың қатарында Жошы ханның өміріне арналған ауқымды тарихи сериал түсіру жобасы бар, оның мақсаты – ұлттық тарихты насихаттау және мәдени бірегейлікті нығайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу