"Дарбаза – Мақтаарал" темір жол желісі салынады

574

Ол жылына 10 млн тоннаға дейін жүк өткізуге көмектеседі. 

"Дарбаза – Мақтаарал" темір жол желісі салынады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің айтуынша, Қытай бағытындағы екі шекара пунктін 20 станциялық жол салу арқылы модернизациялау жоспарланған.

"Достық станциясының модернизациялау жұмыстары "Достық – Мойынты" учаскесінде екінші жол салу шеңберінде қарастырылып отыр. Бұл шаралар екі станцияның өткізу қабілетін жылына қосымша 14 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қытай тарапымен тиісті келіссөздер жүргізіліп, Хоргос шекаралық пунктіне келетін "Цзинхе – Хоргос" учаскесіне екінші жолдарды салу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді ведомство басшысы.

Марат Қарабаев жалпы екі шекаралық станцияның өткізу қабілеті тағы да 14 млн тоннаға артып, жылына 56 млн тонна болмақ.

Бұдан бөлек, "Бахты – Тачэн" үшінші өткізу пунктін ашу да жоспарланып отыр.

"Бұл жоба шекарадағы теміржол инфрақұрылымының қуаттылығын тағы да 20 млн тоннаға арттырады. Осылайша, Қытай бағытындағы теміржолдың өткізу қабілетін жылына 76 млн тоннаға дейін жеткізбек. Орталық Азия бағыты бойынша жылына 10 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуаттылығын қамтамасыз ететін "Дарбаза – Мақтаарал" темір жол желісі салынатын болады", - деп толықтырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу