Дәретхана қағазы бір жылда 11%-ға қымбаттаған

1263

Елде қағаз және қағаз өнімдері секторы импортқа тәуелді.

Дәретхана қағазы бір жылда 11%-ға қымбаттаған

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда 16,8 млрд теңге болатын қағаз және қағаз өнімдері шығарылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 23%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – 99,4%, бұл сектордағы нақты өндіріс көлемінің қысқарғанын көрсетеді.

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісінің ең көп көлемі Алматы облысы (6,4 млрд теңге), Алматы (5,2 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облысына (1,6 млрд теңге) тиесілі.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда сектордағы өнім 90 млрд теңгеге жетті.

Гофрленген перфорацияланған қағаз бен картон өндірісі бір жылда 2,3 есе немесе 14,2 мың тоннаға дейін өсті. Сондай-ақ қағаз бен картоннан жасалған қорап пен жәшікті шығару 13,4% немесе 17,9 мың тоннаға артты.

Дәретхана қағазының өндірісі бір жылда 5%-ға, 4,3 мың тонна, қол орамал мен косметикалық майлық шығару – 4,9%-ға, 536 тонна, қол орамалы – 2,2%-ға, 747,2 тоннаға дейін азайды.

Қазақстанда қағаз және қағаз өнімдері секторы импортқа тәуелді. Мысалы, биыл қаңтарда жергілікті компаниялар дәптерге сұранысты 69,8%, ал бір жыл бұрын 88,2% қамтамасыз еткен.

Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық тауарлар сегментінде – сүлгі, тампон, жөргек және осыған ұқсас өнімдердің импорттағы үлесі – 96,4%.

Конверт, ашықхат және қағаздан немесе картоннан жасалған хат-хабарға арналған өзге де өнімдер, сондай-ақ қорап, сөмке, әмиян және жазба кітапша сегментінде қамтамасыз ету деңгейі 45,4% болды, өткен жылғы көрсеткіш – 28,7%. 

Қазақстандық компаниялар дәретхана қағазы, орамал, майлық пен қағаз сүлгіге сұранысты 70,9% қамтамасыз етті, өткен жылғы көрсеткіш – 60,7%. Тек дәретхана қағазына сұраныс 69,5% қамтамасыз етілді, былтырғы көрсеткіш – 57,5%. 

Жергілікті өндіріс сұраныстың 62,9% жапқан, өткен жылғын көрсеткіш – 33,3%. Осылайша, отандық компаниялар гигиеналық немесе косметикалық майлық, сүлгі және басқа да осыған ұқсас өнімдер, целлюлоза мақтасы мен целлюлоза талшықтарынан жасалған шүберек өндірген.

Биыл наурыздың қорытындысы бойынша дәретхана қағазы бір жылда 11,3%-ға қымбаттаған.

Атырау облысында дәретхана қағазының бағасы бірден 31,5%-ға өскен. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан (плюс 21,6%) және Қостанай облысында да (плюс 18,7%) аталған тауар қымбаттады.

Сектордағы бағаның ең төменгі жылдық өсуі Шымкентте тіркелді – 2%.

Ресми дерекке сүйенсек, А4 қағазы бір жылда 4,4%-ға қымбаттаған. Бір қызығы қазақстандықтар мен дистрибьюторлар нарықтағы жағдай мүлдем басқаша екенін айтады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу