Дәрежан Өмірбаев Токиода "Үздік режиссер" жүлдесімен марапатталды

1315

Tokyo International Film Festival кинофестивалі "А" санатындағы әлемдегі үздік 15 кинобайқаудың қатарында.

Дәрежан Өмірбаев Токиода "Үздік режиссер" жүлдесімен марапатталды

Дәрежан Өмірбаев 34-Токио халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан "Ақын" фильмі үшін "Үздік режиссер" жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы бүгін фестивальдің жабылу салтанатында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақфильмнен" тараған ақпаратқа сүйеніп.

"Фестивальдің қазылар алқасы осы жүлдені Дәрежан Өмірбаевқа берді, өйткені бізге фильмдегі режиссердің тек өзіне тән қолтаңбасы ерекше ұнады. Бұл фильм поэзия туралы ғана емес, сондай-ақ осы өнерді бағаламайтын заманда ақын болудың қаншалықты қиын екенін көрсететін туынды. Бүгінгі күні бұл проблема тәуелсіз киногерлердің алдында тұр десем артық айтқаным емес. Бұл фильм – адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосатын өнерге немқұрайлы қарамайтын адамдардың еңбегі", – деді қазылар алқасының мүшесі Крис Фудживара (Chris Fujiwara).

1980 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Tokyo International Film Festival кинофестивалі Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының (FIAPF ) тіркеуінен өткен, "А" санатындағы әлемдегі үздік 15 кинобайқаудың қатарына кіретін беделді фестивальдердің бірі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу