Дархан Асаділов Дубайдағы Премьер-лига кезеңінің чемпионы атанды

1029

Каратэден Дубайда өткен Премьер-лига кезеңінде Қазақстан құрама командасы үш медаль жеңіп алды.

Дархан Асаділов Дубайдағы Премьер-лига кезеңінің чемпионы атанды

60 келіде ел намысын қорғаған тәжірибелі Дархан Асаділов Премьер-лига чемпионы атанды. Ол бұған дейін әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Премьер-лига кезеңіндерінде жүлдегерлер қатарына қосылып жүрген болатын. Дубай төрінде ол Юнусоке Минамиге айна қалдырған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.  

67 келідегі Дидар Әмірәлі финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Ол осы салмақта әлемдік рейтингтің көшін бастаған франциялық Стивен-да-Костамен жолыққан болатын. Жекпе-жек 3:3 есебімен тең аяқталды. Алайда, бірінші болып соққы жасаған француз жеңіске жетті. 

Ал 60 келіде сынға түскен тағы бір спортшымыз Қайсар Алпысбай турнирдің қола медалін иеленді. Ол әлемдік рейтингте бірінші тұрған италиялық Анджело Кречензоны жеңген. 

Еске сала кетейік, қазақстандық каратэшілер Премьер-лига кезеңдерінен жүлдесіз келген емес. Жыл басында Парижде өткен кезеңде каратеден Қазақстан құрамасы үш қола жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу