Дархан Асаділов Karate 1 премьер-лигасында күміс жүлдеге ие болды

1061

Ақтық бәсекеде ол түркиялық Самдан Ерайға қарсы бәсекелесіп, нәтижесінде 4:5 есебімен есе жіберді.

 Дархан Асаділов Karate 1 премьер-лигасында күміс жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Парижде каратеден Премьер-Лига бәсекесі аяқталды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңде татамиге Дархан Асаділов шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақтық бәсекеде ол түркиялық Самдан Ерайға қарсы бәсекелесіп, нәтижесінде 4:5 есебімен есе жіберді.

"Жеңілісімнің нақты себебін түсіндіру қиын. Десе де, бүгінгі додаға анали жасап, қорытынды шығаруға жақсы себеп болды", – дейді жарыстың күміс жүлдегері Дархан Асаділов.

Айта кетерлігі, қазақстандық каратеші Париждегі турнирден кейін де Олимпиадалық рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Аталған жарыста жинаған ұпай сандары оның рейтингтегі орнын сақтап қана қоймай, қарсыластарынан көш ілгерілеп кетуге мүмкіндік берді. Осының арқасында Дархан жарыс барысында ұйымдастырылған "Grand winners"  салтанатында 2019 жылдың үздік спортшысы аталымына иелік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу