Дархан Асаділов Наото Сагоның сағын сындырды

1257

Токио Олимпиадасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан  каратэші Дархан Асаділов мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты. 

Дархан Асаділов Наото Сагоның сағын сындырды

Бұған дейін ол  2 жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз тобында 4 ұпаймен топ бастап тұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілген спорттың ережесі бойынша каратэшілер А, В топтарында бақ сынайды. Әр топтағы 5 спортшы бір-бірімен күш сынасады. Ең көп ұпай жинаған 2 каратэші жартылай финалға жолдама алады.

Естеріңізге салайық, отандасымыз алғашқы айналымда түркиялық Эрай Самданды 6:2 есебімен жеңді. Екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевтен айласын асырды. Үшінші кездесуде Дархан Асаділов жапониялық Наото Сагоның сағын сындырды. Осылайша ол мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты. 
Келесі жекпе-жекте Дархан египеттік Әли Әл-Савимен кездеседі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу