Дархан Асаділов Премьер-лига турнирінің қола жүлдесміне таласады

745

Австрияның Зальцбург қаласында кезекті Премьер-лига турнирі өтуде.  

Дархан Асаділов Премьер-лига турнирінің қола жүлдесміне таласады

Бірінші жарыс күнінде ерлер 60, 67, 75 келіде, қыздар 50 және 55 келіде сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады. Ол Испания, Италия, Иордания спортшыларын жеңіп, жартылай финалда македониялық Эмиль Павловтан ұтылды. 

Еркінбек Байтөреев те ширек финалда македониялық спортшыға есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне жолдама алды. 

Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асылбек Мұратов да жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. 

Айта кетелік, бүгін тағы бес салмақта спортшылар өзара мықтыны анықтайды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу