Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, еліміздің Молдовадағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің Жарлықтарымен Дархан Аманұлы Кәлетаев еліміздің Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Қазақстанның Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Палестина мен Ирактағы да елшіміз болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу