Дархан Кәлетаев қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

1016

Дархан Кәлетаев қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Елбасының жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған елбасының жарлығында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу