Дархан Кәлетаев Ватикан мен Ресейдің дін өкілдерімен кездесті

771

Ол құқықтық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папалық кеңесінің құрметті төрағасымен, РФ Мүфтилер Кеңесінің және Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен, Мәскеу Патриархатының Орыс православие шіркеуінің сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасымен кездесу өткізді.

Дархан Кәлетаев Ватикан мен Ресейдің дін өкілдерімен кездесті

Дархан Кәлетаев Ватикан мен Ресейдің дін  өкілдерімен дінаралық диалог мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі аясында екіжақты кездесулер өткізді, атап айтқанда, Құқықтық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папалық кеңесінің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмериомен, РФ Мүфтилер Кеңесінің және Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх Равиль Гайнутдинмен, Мәскеу Патриархатының Орыс православие шіркеуінің Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Митрополиті Волоколамск Иларионмен кездесті.

Дархан Кәлетаев Ватиканның дінаралық форум қызметін дамытудағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Кардинал Франческо Коккопальмерионі дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін 10 қазан күні  Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық диалог бойынша Папалық Кеңеске берген Астана халықаралық сыйлығын алуымен құттықтады.

Кардинал Франческо Коккопальмерио Қазақстанның Астанасы ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып жатқаны үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек, әртүрлі діндердің өкілдері диалогқа қатысып, бейбітшілік, келісім мен толеранттылық идеяларын насихаттайтын Астана дінаралық саммитінің бірегейлігін атап өтті.

Министрдің Мүфти Равиль Гайнутдинмен кездесуінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

Волоколамск Митрополиті Иларионмен кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдегі шіркеу саласындағы мемлекеттік диалогтың кейбір аспектілері талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазіргі уақытта қалыптасқан ізгі және сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу