Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Дархан Қыдырәлі елбасыға Түркі академиясының атқарған жұмысы мен президенттің тапсырмаларының орындалу барысы туралы есепті баяндады.
Сонымен қатар, Түркі академиясының президенті мекеменің алдағы жоспарын, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен "Ұлы Дала" гуманитарлық форумының қорытындысын таныстырды.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Халықаралық түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, ежелгі түркі дәуіріне тиесілі жаңа артефактілерді тапқан.
Кездесу қорытындысында мемлекет басшысы академияның жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.