Дархан Қыдырәлі мектеп оқушыларының орамал тағуы туралы пікір білдірді

715

Министрдің сөзінше ең бастысы мемлекет ішінде іріткі салуға жол бермеу аса маңызды. 

Дархан Қыдырәлі мектеп оқушыларының орамал тағуы туралы пікір білдірді Фото: unsplash

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы мектептерінде хиджаб киіп жүруге бола ма деген сұраққа жауап берді.

"Мектепке хиджаб кию мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып жатқан өзекті тақырып. Ата заңымызда көрсетілгендей, біз үшін зайырлылық ұстанымы бірінші орында тұрады. Екіншіден, бұған қатысты ұстанымдар әртүрлі. Кейбір қоғамдық пікірді қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Кей желі қолданушылары бұл мәселе халықаралық тәжірибеде, әлем елдерінде шешімін тапқан деп үзілді-кесілді жазған. Меніңше, бұл фейк ақпарат. Кейбір дамыған Франция, Австрия сияқты елдерде жасына байланысты шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін мемлекеттер де бар", – деді Ақпарат министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу